Мемлекеттік - жекеменшік серіктестік бағдарламасы шеңберінде Жезқазған қаласының орталық ауруханасының негізінде желтоқсан айында "Аура Мед" балаларға арналған нейрооңалту орталығы ашылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа орталық 40 орынға шақталған. Онда физиотерапия, емдік денешынықтыру кабинеттері, сонымен қатар орталық жүйке жүйесі және тірек-қозғалу аппараты бұзылған балаларға арналған терапия бөлімі жұмыс істейтін болады.
Бұл орталықта жылына Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Арқалық және Жәйремнен келген 1 000-ға жуық бала емделіп, оңалтудан өтеді деп жоспарлануда. Орталық Жезқазған қаласының аурухана базасында орналасқан.
Жобаның құны - 60 млн теңге.
Сондай-ақ Жезқазғанда келер жылы ересектерге арналған нейрооңалту орталығы ашылады деп жоспарланып отыр.