Жезқазғанда балалар ойын-сауық залының алдында отшашу атқан

247

Олардың пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны анықталды.

Жезқазғанда балалар ойын-сауық залының алдында отшашу атқан Фото: Бейнежазбадан

Жезқазғанда отшашу қолданған ойын-сауық мекемесінің әкімшісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

14 қараша күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласында учаскелік полиция инспекторы өзіне бекітілген аумақты аралау барысында балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтады.

Тексеру барысында отшашуды аталған мекеменің әкімшісі ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша әкімші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгелердің тыныштығын құрметтеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу