Жезқазғанда бейтаныс ер адам 14 жасар қызды ұрған

635

Бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланып, жәбірленушінің анасы түсініктеме берді. 

Жезқазғанда бейтаныс ер адам 14 жасар қызды ұрған Фото: Liter.kz

Жезқазғанда жанынан өтіп бара жатқан бейтаныс адам 14 жасар қызды жұдырықпен ұрған.

Бұл жағдай көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz Liter.kz порталына сілтеме жасап.

"Бұл оқиға 7 қазанда, түстен кейін болды. Сол күні менің 14 жасар қызым әпкемнің қызымен бірге дүкен аралап жүрді. Екеуі жүргіншілер жолымен жүріп бара жатқанда кенеттен қарама-қарсы бағытта келе жатқан белгісіз адам менің қызымды кеудесіне ұрды. Қызының айтуынша, ол мас болған, бірақ менің ойымша, бұлай емес, бейнеде оның дірілдемей, сап-сау келе жатқанын көруге болады, бәлкім, шегіп алған болар", – деді әйел.

Анасының айтуынша, оның қызы басында шошығаннан ештеңе сезбеген, кейін жұдырық тиген жер ауырсына бастаған.

Жезқазған полиция басқармасының басшысы Асхат Дүйсембеков ер адамның жеке басын анықтап, оны жауапқа тартылғанын айтты. Іс бойынша материлдар сотқа берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу