Жезқазғанда бір оқушы менингиттен көз жұмды

849

Жыл басынан бері Қарағанды облысында менингокок инфекциясына шалдыққан бес жағдай тіркеліп, тағы бір адам қайтыс болған. 

Жезқазғанда бір оқушы менингиттен көз жұмды

Жезқазған қаласындағы 21-ші мектептің 3-сынып оқушысы Кәусар Аманғазы кешкілік уақытта өзін жайсыз сезініп ауруханаға түсіп, келесі күні таңертең жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Әкесінің айтуынша, 4 желтоқсан күні бала самса және басқа да тамақтар жеген екен, көп ұзамай өзін жайсыз сезіне бастаған. Жүрегі айнып, құсқысы келген. Осындай белгілер білінген соң оған болжамды түрде ішек инфекциясы деген диагноз қойылыпты. Дезинфекциялық терапия қолданылғанымен, жағдайы жақсармаған. Түнгі сағат үш шамасында баланың денесіне бөртпелер шыққан. Осыдан кейін бала "менингокок инфекциясы" деген диагнозбен жансақтау бөліміне жатқызылды. Барлық емдеу тәсілдері қарастырылғанымен, бала таңертең сағат жетілер шамасында қайтыс болды", – деп мәлімдеді "Ана мен бала" денсаулығын қорғау бөлімі басшысының орынбасарының м.а. Гүлжан Жиембаева.

Қазіргі уақытта 21-ші мектептегі оқушының сыныптастарын мамандар тексеруде.  Дегенмен сот медициналық сараптама қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қарағанды облысында менингокок инфекциясына шалдыққан бес жағдай тіркеліп, тағы бір адам қайтыс болған. 

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу