Жезқазғанда бірнеше ұрлық жасаған 63 және 59 жастағы ағайынды күдіктілер ұсталды

168

Жедел-іздестіру шаралары барысында екі тұрғын анықталып, қамауға алынды.

Жезқазғанда бірнеше ұрлық жасаған 63 және 59 жастағы ағайынды күдіктілер ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Тергеу барысында олардың 2025 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, ұялы телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметі тұрғындарды жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу