Жезқазғанда екі жігіт қаржы пирамидасын құрып, 68 млн теңгені қалтасына басқан

202

Аталған азаматтар жоғары табыс уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. 

Жезқазғанда екі жігіт қаржы пирамидасын құрып, 68 млн теңгені қалтасына басқан Фото: inbusiness.kz

Қаржылық мониторингі агенттігі Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты істі тергеп бітті. Олар қаржы пирамидасын құрып, жарнамалады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы MetaGo қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған.

Аталған азаматтар жоғары табыс уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асты, сондай-ақ 37 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жарияланбайды. 

Агенттік азаматтарды пассивті кіріс пен артық пайданы уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу