Жезқазғанда есірткі таратқан жасөспірім ұсталды

568

Жасөспірім 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Жезқазғанда есірткі таратқан жасөспірім ұсталды

Ұлытау облыстық ПД қызметкерлері Жезқазғанда колледждердің бірінің 16 жасар оқушысын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тексеру кезінде полицейлер жасөспірімнен 16 оралған зат тәркіледі, олардың ішінде ақ түсті ұнтақ заттар болды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар синтетикалық есірткі болып табылады.

Сондай-ақ, жасөспірімнің ұялы телефондарын тексеру кезінде, есірткі қою орындарының көрсетпе белгілері және әлеуметтік желілерде белгісіз адаммен хат алмасқаны анықталды.

Ұсталған жасөспірім дәл осы бейтаныс адамның есірткі заттарын орналасқан жерін көрсеткенін мәлімдеді.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұсталған жасөспірімге қатысты "ешқайда кетпеу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу