Жезқазғанда ипотекалық, жалға берілетін және коммерциялық үйлер салынады

1470

2020 жылы 60 пәтерлі үй тұрғындар игілігіне беріледі.

Жезқазғанда ипотекалық, жалға берілетін және коммерциялық үйлер салынады

2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Жезқазғанда екі көпқабатты үй салынды. Биылғы жылы тағы бір 18 пәтерлі жаңа үй тұрғызылады. Ал 2020 жылы 60 пәтерлі үй тұрғындар игілігіне беріледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Маған мәлім еткендей, соңғы жылдары қала тұрғындарының саны артқан. Бұл жақсы жаңалық. Енді олар үшін үй салу керек. Сондықтан келесі жылдан бастап Жезқазғанда тұрғын үй құрылысын екі есеге ұлғайтамыз. Тек әлеуметтік үйлер ғана емес, ипотекалық, жалға берілетін және коммерциялық үйлер салатын боламыз",– деді Жезқазғанға барған сапарында өңір әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жезқаганда соңғы күндері суық сумен қамтамасыз етуде мәселе туындаған. Аймақ басшысы Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады.

"Мен сумен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын бөлімшенің жұмысына теріс баға бергім келіп отыр. Сондай-ақ "Қазақмыстың" басшылығына осы мәселеге назар аударуларыңызды сұраймын – қаланы сумен жабдықтау мекемелеріндегі басшылық қызметтеріндегілер қаншалықты лауазымдарына сай келетінін қарастыру қажет",– деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу