Жезқазғанда капоты ашық көлік жүргізген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

288

​Жезқазған қаласында ВАЗ-21010 маркалы автокөлікті капоты ашық күйде басқарған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жезқазғанда капоты ашық көлік жүргізген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды Фото: Бейнежазбадан

Оқиға әлеуметтік желілердегі бейнежазбаларға жүргізілген мониторинг кезінде белгілі болды.

Кадрлардан Сарыарқа көшесімен капоты ашылған көліктің қозғалып бара жатқанын көруге болады.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушімен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай әрекеттің жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін түсіндірді.

Полиция өкілдері жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу