Жезқазғанда қаржы пирамидасын жарнамалаған екі тұрғынға қатысты тергеу басталды

446

Олар 80-нен астам адамды заңсыз қызметке тартқан.

Жезқазғанда қаржы пирамидасын жарнамалаған екі тұрғынға қатысты тергеу басталды Фото: minusinsk.info

Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты "MetaGo" қаржы (инвестициялық) пирамидасы жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған фактіні ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және Агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде  анықталды.

Күдікті тұлғалар "MetaGo" қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда ("YouTube" бейнехостинг сайты, "Whatsapp" және "Telegram" мессенджерлері, "Facebook" және "Instagram" әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген.

Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы - адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы – бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты "MetaGo" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі  тергеу жүргізуде.  

ҚР ҚПК-нің 201 бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу