Жезқазғанда бейнекамераның көмегімен көліктен ұрлық жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 23 жастағы қала тұрғыны ұрлық туралы полицияға хабарлаған.
“Ол көлігін ашық қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы сәтті пайдаланған күдікті 250 мың теңге мен банк карталарын жымқырып кетті. Дүкенге орнатылған бейнекамераға ұрлық сәті түсіп қалған. Осылайша, полицейлер күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 55 жастағы ер адам ұсталды”, - делінген хабарламада.
Күдікті өз ісін мойындап, айғақты заттар алынды.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу