Жезқазғанда құтқарушылар 2 бала болған пәтердің есігін ашты

289

Құтқарушылар пәтерге төртінші қабаттағы балкон арқылы кірген.  

Жезқазғанда құтқарушылар 2 бала болған пәтердің есігін ашты Фото: Бейнежазбадан

Ұлытау облысының "112" пультіне Жезқазғандағы Есенберлин көшесінде орналасқан пәтерге кіруге көмек көрсету қажет екені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төртінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірген. Кейін есік ашылып, іштен 2023 және 2026 жылы туған екі бала шығарылды.

Балалар зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу