Жезқазғанда мас жүргізуші полиция талабына бағынбай, 35 тәулікке қамалды

314

20 жастағы жүргізуші мемлекеттік нөмірі жоқ көлікпен полициядан қашуға әрекет жасаған.  

Жезқазғанда мас жүргізуші полиция талабына бағынбай, 35 тәулікке қамалды Фото: guberniya.tv

Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір ауылында полиция талабына бағынбаған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті тоқтатпақ болған. Алайда 20 жастағы жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, көлікпен қашуға әрекет жасаған.

Көп ұзамай ұсталған азаматты тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны, жүргізуші куәлігінің жоқтығы және осыған ұқсас құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды.

Сот шешімімен жүргізуші 35 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтап, мас күйде көлік жүргізбеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу