Жезқазғанда Металлургтер күнін тойлау кезінде 35 бала ата-анасынан адасып қалған

419

Орталық алаңда өткен мерекелік концертке 10 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтары жиналды

Жезқазғанда Металлургтер күнін тойлау кезінде 35 бала ата-анасынан адасып қалған Фото: polisia.kz

Жезқазған қаласында Металлургтер күні мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлытау облысы полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген қызмет ұйымдастырылды.

"Мереке барысында халық көп шоғырланған орында 35 бала уақытша ата-анасынан адасып қалды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды. Осы мақсатта тәртіп сақшылары концерт жүргізушілерімен тұрақты байланыс орнатып, табылған балалар туралы жедел хабарлап отырды", – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мерекелік іс-шара барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу