Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат мәресіне жетті

362

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттары аяқталды.

Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат мәресіне жетті Фото: ТЖМ

Төртінші, қорытынды жарыс күні Жезқазғандағы "Металлург" стадионында "Жауынгерлік қанат жаю" тәртібі бойынша өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл кезеңде спортшылардың жылдамдығы мен дәлдігі, сондай-ақ командалардың үйлесімді іс-қимылы сыналды.

Ерлер арасындағы жарыстың нәтижесі:

  • 1-орын – Ақтөбе облысы ТЖД, 26,27 секунд;
  • 2-орын – Атырау облысы ТЖД, 26,39 секунд;
  • 3-орын – Маңғыстау облысы ТЖД, 27,57 секунд.

Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижесі:

  • 1-орын – Қостанай облысы ТЖД, 24,10 секунд;
  • 2-орын – Маңғыстау облысы ТЖД, 27,91 секунд;
  • 3-орын – Ақтөбе облысы ТЖД, 30,78 секунд.

Қостанай облысы ТЖД командасы 24,10 секунд нәтиже көрсетіп, әйелдер арасындағы "Жауынгерлік қанат жаю" тәртібі бойынша Қазақстанның жаңа ұлттық рекордын орнатты. Бұған дейінгі рекорд 24,78 секунд болған.

Осылайша, төрт күнге созылған чемпионат өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, жоғары жылдамдық, күш-жігер, кәсіби шеберлік және командалық үйлесімділік көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу