Жезқазғанда өрттен ер адам құтқарылды

357

Ер азамат жедел медициналық жәрдем бригадасына жеткізілді.  

Жезқазғанда өрттен ер адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Жезқазған қаласындағы Деев көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің ас үйінде жиһаз өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына жетті. Өртті барлау және сөндіру барысында құтқарушылар жатын бөлмеден 1988 жылы туған ер адамды тауып, оны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Кейін азамат жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Өрт шағын аумақта толықтай сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның пәтердің басқа бөлмелеріне және көрші пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ.

Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу