Жезқазғанда 5 жасар бала көлік тізгіндеп, бір топ адамды басып кетті

2779

Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Жезқазғанда 5 жасар бала көлік тізгіндеп, бір топ адамды басып кетті Фото: видео скриншот

Жезқазғанда бес жасар қыз көліктің рөлін тізгіндеп, бірнеше адамды қағып кеткен. Салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға ойын-сауық орындарының бірінің алдында болған. Көлік мейрамхананың алдындағы алаңда сәл еңіске қойылған. Оның артқа қарай жүріп, мейрамханадан шыққан адамдарды соққанын көруге болады.

Кішкентай баланың көліктен шығып, қашып бара жатқаны камераға түсіп қалды. Бірнеше секундтан кейін көліктен әйел түседі.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді. 

"Полицияда жағдай тіркелді, зардап шеккендер жоқ, көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішін алып тастағаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға түскен төрт адамның үшеуі – әйел, біреуі – ер адам. Ер адамның қабырғалары сынған, ішкі ағзалары көгерген. Ал зардап шеккен үш әйел амбулаторлық емделуге жіберілді, олардың да ішкі ағзалары көгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу