Жазатайым оқиға бүгін, 9 тамыз таңғы сағат 8.00 шамасында болған.
Жезқазған қаласының полициясына Жастар көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
"44 жастағы Racer маркалы скутер жүргізушісі Жастар көшесі бойындағы №14 үйдің жанынан шығып, 41 жастағы ер адамның басқаруындағы автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.
Бұл факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.