Жезқазғанда сотталғанға поштамен есірткі жеткізбек болған

488

Аталған факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жезқазғанда сотталғанға поштамен есірткі жеткізбек болған Фото: Polisia.kz

Жезқазғанда сотталғанға поштамен есірткі жеткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №62 мекемесінің қызметкерлері мекеменің аумағына тыйым салынған затты өткізу фактісінің жолын кесті.

Мекеменің тексеру бөлмесінде 36 жастағы сотталғанға келген бандерольдан аяқкиім кремінің тұтқасына жасырын әдіспен тығылған, жасыл түсті, ерекші иісті екі бірлік зат табылған.

Алдын ала дерек бойынша бұл есірткі заты болып шыққан. Бандерольді жіберген Маңғыстау облысының тұрғыны екені анықталды. Аталған факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу