Жезқазғанда театрдың ғимараты өртенді

83

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.  

Жезқазғанда театрдың ғимараты өртенді Фото: Видеодан кадр

14 қаңтарға қараған түні Жезқазған қаласы Сәтпаев көшесі бойында орналасқан театр ғимараты өртенді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан 12 адам өздігінен көшеге шықты.

Құтқарушылардың айтуынша, от театрдың жертөлесінен шығып, айналасына таралған.

"Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін жертөледен қалың түтін шығып жатқаны анықталды. Тез арада газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары өртті барлауға және сөндіруге кірісті", – деп таратты ТЖМ.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді, кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында сахналық материалдың жануы қысқа мерзімде сөндірілді.

Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу