Жезқазғанда ұлтаралық араздықты қоздырған ер адам ұсталды

1193

Күдікті әлеуметтік желіде видео түсірген. 

Жезқазғанда ұлтаралық араздықты қоздырған ер адам ұсталды

Жезқазғанда ұлтаралық араздықты қоздыруы мүмкін деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

26 сәуірде полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның видеосын анықтаған.

"Видеода ҚР Қылмыстық кодексі 174-бабы (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстың құрамы болуы мүмкін. Тәртіп сақшылары видео авторын ұстады. Ол – Жезқазған қаласының тұрғыны", - деп жазылды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінде бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалған.

Сонымен қатар күдікті әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Мен интернетте жарияланған видео үшін кешірім сұраймын. Бұл әрекетті ойланбастан жасадым. Видеоның интернетте жарияланғанын қаламап едім. Бірақ жағдай солай болды.
Менің қазақ достарым бар. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз, әрі бір-бірімізге қысым жасамаймыз. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймын", - деді күдікті.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде ер адамның видеосы тараған. Онда ер адам қазақтарға Қазақстаннан кетуді талап еткен. Сондай-ақ ер адам ар-намысқа тиетін балағат сөздер айтқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу