Жезқазғанда жаңа автобустар жолға шықты

1016

Жезқазғанда қоғамдық көлік паркі жартылай жаңартылды. Саран қаласындағы зауытта құрастырылған жиырма жаңа автобус желіге шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазғанда жаңа автобустар жолға шықты

Олар төрт қалалық маршрутқа қызмет етеді – №1, 3, 6, 8. Жезқазғандықтар жаңа көліктің жайлылығына оң баға берді.

"Автобустар заманауи, Саран қаласындағы "QazTehna" ЖШС зауытында жасалған. Олар "Евро-5" стандартына сәйкес келеді, бейнебақылаумен, пандустарды көтеру жүйелерімен, кондиционерлермен жабдықталған. Бір автобустың сыйымдылығы – 51 адам", – деді Жезқазған қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Аслан Арынов.

Жезқазғанда барлығы 13 маршрут бар – 9 қалалық және 4 қала маңындағы.

"Болашақта біз қалада ONAY электронды жолақы төлеу жүйесін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Барлық жаңа автобустар сандық жүйелермен және GPS-құрылғылармен жабдықталған. Бұл City-Bus мобильді қосымшасын әзірлеуге және қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Ол арқылы тұрғындар қоғамдық көліктің қозғалысы туралы ақпарат ала алады", – деді Аслан Арынов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу