Жезқазғанда жаңа көпқабатты үйлер салынады

887

Жезқазғанда жаңа көпқабатты үйлер салынады

2018 жылы Жезқазғанда алты жаңа көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ қала әкімінің айтуынша тағы үш үйді жеке компания салады, ондағы пәтерлерді "Тұрғынүйқұрылысжинақбанк" несиесі арқылы алуға болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Егер барлығы жоспар бойынша жүзеге асса, онда 2019 жылы Жезқазғанда тоғыз жаңа көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына баспана қарастыралады. Облыс әкімі Ерлан Қошанов өзінің бірінші орынбасарына қаладағы тұрғын үй мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

Статистика басқармасының мәліметінше 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Қарағанды облысындағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы өткен жылмен салыстырғанда 136,8 мың шаршы метрге ұлғайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу