Жезқазғанда жаңа университет құру туралы Үкімет қаулысы шықты

487

"Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылады.

Жезқазғанда жаңа университет құру туралы Үкімет қаулысы шықты Фото: ашық дереккөз

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жезқазған қаласында Ұлытау техникалық университетін құру туралы Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Ғылым және жоғары білім министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу болып айқындалсын", - делінген Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу