Жезқазғанда жер сілкінісі болды

3111

Қазақстанның орталығында сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді. 

Жезқазғанда жер сілкінісі болды

Орталықтың жедел ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сенбіде сағат 04:14-те Жезқазғаннан солтүстік-батысқа қарай тереңдігі 6 км жерде энергетикалық класы 9,1, магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі болды.

Қарағанды ​​облысында (Қазақстанның орталығында) бес минуттық аралықта екі жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қазақстан геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық деректер орталығы.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 47,95 градус, шығыс бойлық 67,54 градус.

"Бұл оқиғадан бес минут бұрын, 4 сағат 9 минутта әлсіз сейсмикалық оқиға болды", - дейді сейсмологтар.

Бұл сейсмикалық оқиғаның координаттары: солтүстік ендік 48,02 градус, шығыс бойлық 67,45 градус. Оның магнитудасы - 3,3, энергетикалық класы - 7,4.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу