Жезқазғандағы 25 апатты үйдің мәселесі қалай шешіледі

1097

Биыл Жезқазғанда 252 отбасы баспаналы болады.

Жезқазғандағы 25 апатты үйдің мәселесі қалай шешіледі

Биыл Жезқазғанда 20 көпбалалы отбасы өз баспанасын алады. Барлығы 252 отбасының баспана мәселесі шешіледі. Бұл туралы аймақ әкімі Қайрат Бегімов айтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

2020 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 20,0 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады деп жоспарлануда.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жеке құрылыс салушылардың есебінен 5 қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй тапсырылды. Жалпы ауданы 6,6 мың шаршы метр екі үйдің құрылысы жалғасуда. Осы үйлерде "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сату жоспарлануда. Биылғы жылы бюджеттік инвестициялар есебінен жалға берілетін бір тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, 2 жалға берілетін және 2 несиелік көп қабатты тұрғын үйлер мен оларға инженерлік коммуникациялардың құрылысы басталды", – деді Қайрат Бегімов.

Сондай-ақ, қалада көпбалалы отбасыларға да баспана мәселесін шешуге көмек көрсетілуде. Мәселен, 2019 жылы осындай 38 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды. Биыл тағы 20 отбасы қоныс тойын тойлайды.

Қайрат Бегімов биліктің маңызды міндеттердің бірі – апатты үй тұрғындарын көшіру туралы айтып берді. Мұндай үйлер Жезқазғанда 25. Олардың 16-сы бұзылатын нысандар тізіміне енгізілген. 9 үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

"Біз үш жыл ішінде 16 апатты үй тұрғындарын кезең-кезеңімен көшіру бағдарламасын әзірледік. Екі жыл ішінде біз 13 құрама-қалқан және шлакоблок үйлерін мекендеп жатқан тұрғындарды көшіреміз. Ал 2022 жылы 3 панельді және ірі блокты үйлердің тұрғындары көшіріледі. Бас жоспарға сәйкес ескі тұрғын үйлерді бұзу және жаңасын салу көзделген. Бұл бағытта біз жеке құрылыс салушылармен жұмыс жүргізудеміз. Қалада 2012 жылдан 2020 жылға дейін 216 млн теңгеге 15 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылы Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының қайтарымды қаражаты есебінен 4 үйді жөндеуді жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді Қайрат Бегімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу