Жезқазған қаласының кіреберісіндегі жанармай құю станциясында өрт шығып, 3 арнайы көлік жанып кетті

261

Өрт таңғы сағат 08:55-те "С-Мұнай" жанар жағармай құю бекетінің аумағында орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жезқазған қаласының кіреберісіндегі жанармай құю станциясында өрт шығып, 3 арнайы көлік жанып кетті Фото: Бейнежазбадан

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында жарылыс болған. 

– Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қаспасының жарылып, ангардың қабырғалары қирады, – деп хабарлады Ұлытау облысының ТЖД. 

Өртке күрделілігі жоғары дәреже берілді.

– Сол жерде орналасқан жедел штаб жанармайы бар көрші резервуарды салқындату арқылы қорғауға арналған есептердің бірін жіберу туралы стратегиялық шешім қабылдады. Автоцистерналарды өрт шыққан жерге жақын орналасқан өрт сөндіру гидранттарына орналастырып, өрт сөндірушілер көбік шабуылының көмегімен 100 шаршы метр алаңдағы өртті жойды, – деп толықтырды облыстың ТЖД.

Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылды. Әзірге өрттің шығу себебі анықталмаған. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, арнайы штаб құрылды.

– Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасымен, облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен арнайы штаб құрылды, – деп түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу