Жезқазғандағы жүкті әйелдер Сәтбаев қаласына сабылуға мәжбүр

806

Өңірде УДЗ маман тапшы. 

Жезқазғандағы жүкті әйелдер Сәтбаев қаласына сабылуға мәжбүр Фото: Альфа Мед

Жезқазған қаласындағы жүкті әйелдер жоспарлы тегін УЗИ-ден өте алмай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Жезқазған өңіріндегі меншікті тілші Айзада Тұрсынбекова фейсбук парақшасы арқылы хабарлады.

"Жекеме осымен төртінші жүкті келіншек хат жазып, шағымданды. Айтуларынша, бұл проблема облыс орталығында бұрыннан өзекті. Узист жоқ. Қыстың суығында көрші қалаға қатынау қиын. Қалтамен қатар жүйкені тоздырады. Себебі, мысты шаһардан кеншілер шаһарына автобус аз қатынайды, ал таксиге 3000-5000 тг жұмсалады. Жүкті әйелдің жұқарған саулығын ескерсек (иммунитет төмендейді, созылмалы аурулары асқынады, психо-эмоционалды жағдайы тұрақсыз тб), бұл мәселе тез арада шешімін табуы тиіс", - деп жазды журналист.

Ал Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 20 ақпаннан бастап облыстық көпбейінді ауруханада УДЗ дәрігер жұмыс істей бастағанын, аталған мәселе шешілгенін айтып отыр.

"Соңғы жылдары қажетті мамандардың тапшылғына байланысты, Жезқазған қаласы емханасында тіркелген жүкті әйелдерді УДЗ-ден тегін өткізу үшін, Сәтбаев қаласына жіберу жағдайы бүгінгі күнге дейін орын алды. Қазір бұл мәселе өз шешімін тапты. Үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан бастап, Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасында УДЗ дәрігері жұмыс істей бастайды. Жезқазған қаласының жүкті әйелдері акушерлік ультродыбыстық зерттеулерді осы жерден тегін өтетін болады, Сәтбаев қаласына бармайды", - делінген ресми жауапта.

Журналистің айтуынша, жағдай өзгермеген. Облыс басшылығы айтқан УЗД ақылы негізде қызмет көрсетеді.

"Түсінген шығарсыздар, жағдай өзгермеген. Көпбейінді ауруханада басшылықтың бұл мәлімдемесі жайлы ешкім естімеген. УЗИ ақылы. Тегін скрининг тек Сәтбаевта", - дейді Айзада Тұрсынбекова.

Аймақта ана мен бала өлімінің көрсеткіші азаймай тұр. Былтыр 30-дан астам жүкті және босанған әйел мен сәби қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу