Ұлытау облысында жыл басынан бері жалпы 53 отбасы пәтерлі болып үлгерді, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгін табыс етілген 33 пәтердің жалпы аумағы 1700 шаршы метрге жуық. Шаңырақ иелері кілттерін өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлының қолынан алды.
Өңірде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алып келеді. Атап айтар болсақ, биыл Ұлытау облысы бойынша 36 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйдің құрылысы көзделіп отыр, яғни 400-ге жуық пәтерлік үйлердің құрылысын бастау жоспарда тұр. Оның ішінде 270 пәтер Жезқазған қаласына тиесілі,-деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, облыста Наурыз мейрамы қарсаңында бірқатар мәдени-көпшілік және қайырымдылық іс-шаралары жоспарланып отыр.