Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу