Жезқазғандықтар кран суын тәуелсіз сараптамадан өткізу үшін Астанаға жіберді

1084

Жезқазғандықтар кран суын тәуелсіз сараптамадан өткізу үшін Астанаға жіберді

Жезқазған тұрғындары орталық құбыр магистралінен келетін суық және ыстық судың сегіз үлгі сынамасын елордалық сарапшыларға жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жезқазған тұрғыны Берік Жағыпаровтың сөзіне қарағанда, сегіз мекенжайдағы үйлердің кранынан алынған сынамалар президент іс басқармасы медициналық орталығының мемлекеттік "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына" жеткізілген.

"Әр бөтелке қаланың әртүрлі аудандарынан алынды. Сараптаманы жергілікті кәсіпкер қаржыландырды, ал біз, тұрғындар, сол шығынның орнын толтыру үшін бес мыңнан жинап жатырмыз", - дейді Берік Жағыпаров.

Жезқазған тұрғындарының пікірінше, Астана сарапшыларының қорытындылары дәл болады. Жергілікті зертханаларға қала тұрғындары сенуден қалды.

Бұрын хабарланғанындай, Жезқазғанда екі жылдан бері краннан сасық су келіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу