Жезқазғанның бас полицейі соққыға жығылғанын мәлімдеді

750

Бұған дейін көпшілік арасында Амангелді Құрмановтың мас болғандығы жөнінде ақпарат тараған еді.

Жезқазғанның бас полицейі соққыға жығылғанын мәлімдеді

Сәтбаев ісі жалғасын тапты. Бұл жолы бас көтергендер Жезқазған қаласының бас полицейін соққыға жыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған дейін көпшілік арасында Амангелді Құрмановтың мас болғандығы жөнінде ақпарат тараған еді. Бірақ шендінің өзі бұл айтылғанды жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үндеу жариялады. Айтуынша, Сәтбаевтағы "педофил" деп айыпталған күдіктінің үйінің алдына халықтың жиыналғанын естіп, мән-жайды білмекке барған. Бірақ басу айтқан оның сөзін жұрт елемепті. Керісінше, белгісіз біреулер жұдырық жұмсап, сабап тастаған. Содан өзі де ашуға ерік беріпті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу