Жезөкшелер мен сотталғандар сабақ берген: арт спорт дауы жалғасуда

1197

Арт спорт бойынша осы уақытқа дейін балаларға жезөкшелер мен сотталғандар сабақ беріп келген. Мұндай жаға ұстатарлық мәліметті Бас прокуратура анықтады. 

Жезөкшелер мен сотталғандар сабақ берген: арт спорт дауы жалғасуда

Бұған қоса, бюджет ақшасын жымқырғандардың көп асағаны белгілі болды. Енді жемқорлық схемасы сұмдық,- дейді қадағалаушы орган. Осының бәріне Дәурен Абаев басқаратын министрлік көз жұмып отыр. 

1,1 млрд теңге. Арт спортқа бөлінген осыншама қаражаттың игілігін ақыры ешкім көрмеді. Қолды болды. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, жемқорлар ақшаны қалтасына басудың жолын әбден ойластырыпты. Ойлана келе, үйірмелер мен секцияға тіркелудің күрделі схемасын шығарған. Ақыр аяғы 6 мың жеткіншек тегін дүниеден құр қалған. Балаларға деп бөлінген ақшаның берекесін кім қашырғаны беймәлім. Себебі Бас прокуратура ешкімнің атын атап, түсін түстемеді. Бірақ сорақалық мұнымен бітпеді. Оқушыларға спорттан осы уақытқа дейін жезөкшелер мен сотталғандар сабақ беріп келген. Өкініштісі, мұндай факті бір өңірде ғана емес. Алматы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстанда анықталған. 

"Сотталған, жезөкшелікпен айналысқан адамдар айналысқан. Сондай-ақ, секциялар мен үйірмелер өткізуге арналған нысандардың санитарлық нормаларға сай келмейтіні анықталды. Алаяқтық, ұрлық, пара беру және пара алу фактілері бойынша сотқа дейінгі 18 тергеп тексеру басталды. 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды", деді ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Бас прокуратура бұл іске келгенде Мәдениет және спорт министрі бейқамдық танытып отырғанын айтады. Мәселен ArtSport платформасына 54 миллионның қалай жұмсалғанын бақыламаған. Белсенділер қатаң шара қабылдамаса, ақша жырымдалып кете береді,- деп күйінеді. 

Аружан Саинның да министр Дәурен Абаевқа өкпесі қара қазандай. 

Сөзінше, тамыз айында бір ваучерді алып тастағаны дұрыс болмады. Яғни бастапқыда бала үйірме мен спорттық секцияға қатысса, қазір екеуінің біреуіне ғана бара алады. Мұндай шектеудің болмағаны жөн деген пікірде. Жақында омбудсмен бірақтар ұсынысымен Үкімет басшысына да жолыққан. 

"Біз қалаған балалардың барлығын спорт секциялары мен өнер үйірмелерімен қамту үшін әкімдіктерден жеткілікті қаражат бөлуді талап ете  аламыз деп ойлаймын. Әкімдіктерге қатысты алған жауаптарым мені қанағаттандырмайды, өйткені біреулер өздері белгілеген бюджетті жібергеннің өзінде олармен бірге облыста оқитын балалардың санына жетпейді. Әлихан Смайылов мұның барлығын үкімет бақылайтынына уәде берді. Мен оған сеніп отырмын. Себебі жағдайды бақылаусыз қалдырсақ, дәл қазіргідей мәселелер туындай береді", дейді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин.

Сондай-ақ, уәкіл жемқорлықтың жолын кесетін алгоритм ойластырылып жатқанын айтты. Ал Арт спорт саласында тергеп-тексерулер әлі де жалғасып жатыр. Нәтижесінде, Бас прокуратура жемқорлық схемасын ұйымдастырғандардың атын атайды деген үміттеміз. Бірақ, маңыздысы бұл емес. Балалар жылында балаларға бөлінген қаржының баянсыз болғаны өкінішті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу