Жезөкшелік жас қыздың иісін аңсайтын шалдар бар да ұзақ жасайды

Атышулы "Love Айка-ның" қос тізімі көпшілікке "талғажау" етуге жақсы тақырып болды. 

Жезөкшелік жас қыздың иісін аңсайтын шалдар бар да ұзақ жасайды Фото: Катерина Клеменкова

Шыны керек, соңғы уақытта Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру туралы да көп қозғалып жүр.

"Стоп, трафик!" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қызылордалық полицейлер 20-дан аса жезөкшеге хаттама толтырып, жеңгетайлық қызметпен айналысқандарға қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы, бірнеше күн бойы әлеуметтік желіні VIP жеңгетайдың тізімі жаулап алғаны рас. Әуелі блогер-жеңгетайдың қыздарынан эскорт қызметін жиі пайдаланатын жігіттердің мәліметі ашық тарады. 300 адамның ішінде шенеуніктер, бизнесмендер және әнші-актерлер бар. Артынша, бай-байшыкеш жігіттерге, шалдарға интимдік қызмет көрсететін, секс кештерін ұйымдастыратын модель қыздардың да тізімі жарияланды. 

Қоғамда "Өрімдей жас қыздардың тәнін сатуын – қоғамның азуы" деп бағалайтындар көп. Сол секілді, "тәрбиенің кері кеткенінің ғана белгісі емес, негізгі фактор – жұмыссыздық" деп атайтындар, "бұл жайт биліктің жайлы өмір сүру формасын жасап бере алмауынан болып отыр" деп санайтындар бар. Қоғам болған соң түрлі-түрлі пікір жазылады, айтылады. Бірі мұндай тізімді жария қылу жеке басқа өту десе, кейбірі алдағы уақытта жоғары жаққа ұнамай жүргендер де тізімнен табылуы бек мүмкін деп есептейді. Сондықтан, көпшілікті мұндай ресми емес ақпаратқа сенбеуге шақырады. 

Еске салайық, осы жылдың маусым айында Ішкі істер министрлігі Айка есімді жеңгетай-блогерді ұстаған-ды. Сол уақытта "Love Aika-ның" 2022 жылы 209 миллион теңгеден астам пайда тапқаны анықталды. 

Еліміздегі үлкен мегаполистерді айтпағанда, Қызылорда қаласында да жезөкшелердің жарнамасы жер "жарып" тұр.

"Стоп, трафик!" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қызылордалық полицейлер жеңгетайлық қызметпен айналысқандарға қылмыстық іс қозғады. 

"Стоп, трафик!" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс көлемінде жеңгетайлық дерегімен 2 қылмыстық іс қозғалды. Және ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық Кодексінің 449-бабымен 22 азаматшаға жезөкшелікпен айналысқаны үшін хаттама толтырылса, дәл осы Кодекстің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайларды ұсынғаны үшін 1 азаматшаға әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-шара барысында 26 азаматша Ішкі істер министрлігінің арнайы есебіне алынды", - дейді ОПД ҰҚҚКБ бөлім бастығының міндетін атқарушы Сапарәлі Әбдірайымов. 

Қалай десек те, қоғамдағы жұмыссыздық пен еңбектің бағаланбауы жезөкшелік секілді кәсіп түрлерін дамыта беретіні шындық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу