ЖИ енді бизнес туралы статистиканы талдайды

364

Ұлттық статистика бюросы пайдаланушыларға арналған жеке кабинетте жасанды интеллект негізінде әзірленген аналитикалық чат-ботты тестілік режимде іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ЖИ енді бизнес туралы статистиканы талдайды Фото: ЖИ

Жаңа сервис "Статистикалық бизнес-тіркелім" бойынша қажетті аналитикалық ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол пайдаланушылардың статистикалық деректермен жұмыс істеуін жеңілдетуге бағытталған.

Бюроның хабарлауынша, чат-боттың негізгі ақпарат көзі – "Статистикалық бизнес-тіркелім" ақпараттық жүйесі.

Оның базасында Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар, олардың филиалдары, шетелдік компаниялардың филиалдары және жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер жинақталған.

Қазір жаңа сервис сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу