ЖИ Үндістан компаниясындағы операторлардың 90%-ын жұмыссыз қалдырды

452

Алайда стартап жетекшісі роботтар болашақта адамдарды алмастыра алмайтынына сенімді. 

ЖИ Үндістан компаниясындағы операторлардың 90%-ын жұмыссыз қалдырды Фото: pgdv.ru

Үндістанда e-commerce саласындағы Dukaan стартапының бас директоры Саммит Шах клиенттерге қызмет көрсету операторларының 90%-ын чатботпен алмастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN сілтемесімен.

Операторларды алмастырған чатбот Dukaan ішінде екі күнде компания қызметкерлерінің бірімен құрылды, деді Шах. Компания басшысы бот адамдарға қарағанда бірнеше есе тиімді деп санайды.

Егер оператор орташа есеппен 1 минут 44 секунд жауап дайындаса, бағдарлама бірден жауап бере алады. Шах боттың арқасында клиенттің мәселесін шешуге кететін орташа уақыт 98%-ға қысқарды деп мәлімдейді.

Dukaan-дағы қысқартулар 2022 жылдың қыркүйегінде басталды — 23 адам жұмысынан айырылды. Шах бұл шешімін "қатаң, бірақ қажет" шара деп атады. Жаңа тәжірибе компанияға қолдау көрсетуге кететін шығындарын шамамен 85%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Дегенмен Шах болашақта роботтар адамдарды толыққанда алмастыра алмайтынына сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу