Жиһаз бір жылда 6%-ға қымбаттаған

1267

Елімізде жиһаз бағасы бір жылда 6%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жиһаз бір жылда 6%-ға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросының жиһазбен қамтамасыз етуге қатысты зерттеуіне сәйкес, 2020 жылы еліміздегі үйлердің 94,3%-ында ас үй жиһазы болған: жұмсақ жиһаз – 90%, жатын бөлме жиһазы – 81,9%.

Қала тұрғындарын ауылдықтармен салыстырғанда ас үй жиһазы, (95,9%, 91,3%) және жұмсақ жиһазбен (92,5%, 85,5%) қамтамасыз ету деңгейі жоғары. 

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының үйінде жатын гарнитурасын жиі кездестіруге болады: 84,9%, қалалықтарда – 80,2%.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы үйлерде 100%
ас үй гарнитурасы бар, ал Қостанай облысындағы көрсеткіш – 82,7%.

Жұмсақ жиһаз көбінесе Солтүстік Қазақстан облысындағы үйлерде кездеседі (99,7%), Қызылорда облысында бұл көрсеткіш төмен (59,1%). 

Павлодар облысындағы үйлердің жатын бөлмесіне арналған жиһазбен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары – 94,4%, Атырау облысында көрсеткіш төмен – 56,2%.

Биыл 4 айда отандық компаниялар ас үй жиһазына сұранысты (ішкі нарықта сату плюс экспорт) 53,5%-ға қамтамасыз еткен: өткен жылғы көрсеткіш – 62,8%.

Осы кезеңде жиһаз өндірісі 15,5%-ға (бір жылда) немесе 25,4 мың өнімге төмендеген, ал импорт 24,2%-ға (бір жылда), 22,1 мың өнімге өскен. 

Өндірілген және импортталған жиһаздың барлық көлемі ішкі нарықта сатылған: 47,4 мың өнім, бір жылда минус 0,9%.

Қонақ бөлмесі мен асханаға арналған ағаш жиһаз сегментінде жергілікті компаниялар сұранысты тек 5,7%-ға қамтамасыз еткен. 
Бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 13,5%.

Елімізде өткен жылмен салыстырғанда жиһаз шығару үштен бірге азайған – 13,3 мың өнім. Импорт үлесі – 94,3%. 

Қазақстанға өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1,7 есе көп жиһаз: 219,5 мың өнім жеткізілген. Осылайша, ішкі нарықта 232,5 мың өнім сатылған: өткен жылмен салыстырғанда 56,7%-ға артық.

Отандық компаниялар матрасқа сұранысты 41,1%-ға қамтамасыз еткен: өткен жылғы көрсеткіш – 65,7%. Бұл өндірістің жылына 3,4%-ға өсуіне немесе 38,6 мың өнімнің шығарылуына қарамастан болып отыр. Импорт 2,8 есе өскен немесе 55,2 мың матрасқа дейін.

2021 жылғы мамырда жиһаз бен тұрмыстық заттардың бағасы 6,2%-ға (бір жылда) өскен. Заттар айтарлықтай елордада қымбаттаған: 20,8%. 

Қарағанды (бір жылда плюс 11,6%) және Маңғыстау (плюс 9,7%) облыстарында баға айтарлықтай көтерілген. Бағаның өсуі барлық 17 өңірде тіркелген.

Жатын бөлмеге арналған жиһаз жиынтығы жылдық динамикада 4,8%-ға қымбаттаған. Диван-кереует – 6,6%, орындық – 5,1%, кілем бағасы 4%-ға өскен.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу