2022 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда жиһаз өндірісі ақшалай мәнде 22,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Өнеркәсіп өндірісінің индексі бойынша саладағы өнім көлемінің өсімі 13,4%-ды құрады. Бір жыл бұрын нақты өндіріс өсімі 19,5%-ға жеткен.
Өңірлік тұрғыда 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы жиһаз өндірісінің үштен біріне жуығы Алматының ғана үлесіне тиді (7,4 млрд теңге). Өндірістің айтарлықтай көлемі Қарағанды (1,9 млрд теңге), Павлодар (1,8 млрд теңге) және Батыс Қазақстан (1,5 млрд теңге) облыстарында да байқалды.
Өндірістің ең аз көлемі Қызылорда (91,5 млн теңге), Маңғыстау (168,4 млн теңге) және Атырау (282,4 млн теңге) облыстарына тиесілі.
Нақты мәнде асхана мен қонақ бөлмелеріне арналған ағаш жиһаздар сегментінде өндірістің айтарлықтай өсуі байқалды – бірден екі есеге дерлік (93,8%-ға), 25,7 мың данаға дейін, сондай-ақ ас үй жиһазы – өндісіні 39, 2 мың данаға дейін өсті. Металл қаңқасы бар орындықтар және басқа да арнайы отыратын жиһаздар шығару 19,8%-ға өсіп, 381,2 мың данаға жетті.
Ағаш кеңсе жиһазы сегментінде, керісінше, өндіріс 2 есеге дерлік азайып, 99 мың дана болды. Жатын бөлмеге арналған ағаш жиһаз сегментінде де төмендеу байқалды (төсек пен гардеробтан басқа) 4,4%-ға, 17,3 мың дана.
Жиһаз өндірісі көлемінің артуына қарамастан, Қазақстанда жиһаз және тұрмыстық заттар бағасы айтарлықтай өсті. Мәселен, сәуір айының қорытындысы бойынша бағаның жылдық шарықтауы бірден 13%-ды құрады (салыстыру үшін бір жыл бұрын 6,4%).
Қазақстан аймақтарының ішінде жиһаз және тұрмыстық заттар Маңғыстау облысында жылына 2,5%-дан Түркістан облысында 37,3%-ға қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда (23%-ға), Шығыс Қазақстан (19,1%-ға) және Солтүстік Қазақстан (19%-ға) облыстарында да байқалды.
Құралай Құдайберген