Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен қазақстандық теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоудың меселін қайырды.
Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2.
Құламбаева – Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу