Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка бүгін соңғы бәсекеде франциялық Ясмин Мансури - бельгиялық Лора Солденмен бас жүлдені сарапқа салады.
Қазақ-поляк жұбы дода барысында алдымен тартысты матчта франциялық Диана Мартынов - ұлыбританиялық Матильда Мутавджичті жолдан тайдырды - 6:7 (6:8), 6:1, 10:5. Жартылай финалда бельгиялық Мари Тифани - франциялық Бенуа Леметрмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Мартына мен Жібек 6:2 есебімен басым түсті.
Екінші сетте есеп 4:2 болған мезетте қарсыластары ойынды жалғастырудан бас тартты.