Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье ITF W40 турнирінің чемпионы болды

366

Қазақстандық теннисші литвалық Юстина Микульскитемен бірге финалда жапониялықтар Рина Сайго – Юкина Сайгомен бас жүлдені сарапқа салды.

Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье ITF W40 турнирінің чемпионы болды Фото: https://t.me/RRaketkasi

Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева литвалық Юстина Микульскитемен бірге финалда жапониялықтар Рина Сайго – Юкина Сайгомен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-литвалық жұп қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу