Ал Заманауи Жібек жолы - туристік аймаққа айналады. Ең алдымен келетін меймандар үшін саяхатқа ыңғайлы маршрут жасалады. Жеті мемлекеттен жиналған журналистер, туристік операторлар мен тарихшылар Жібек жолындағы туризмді дамыту мақсатында 4 мемлекетте болып қайтты. Турсаяхат алдымен Түркиядан басталыпты. Олар Каппадокия, Стамбұл және тағы бірнеше қалалардағы көрікті жерлерді аралаған. Одан кейінгі сапар Әзербайжанда жалғасқан. Қазіргі уақытта зерттеуші топ Түркістан мен Отырар маңындағы инфрақұрылымды қарастыруда. Одан кейінгі бағыт Тараз және Қырғызстанда жалғасады. 4 елді аралау үшін саяхатшыларға 14 күн қажет. Қазір осы бағыттарға байланысты арнайы туристік билеттер дайындалуда.
Алексей Гончаров, Тарихшы
Ақпараттық турдың негізгі мақсаты түрлі туристік орындарды насихаттау. Дегенмен Түркия саяхатшылардың көп баратын және танымал мемлекеттің бірі. Алайда біз Түркияның ішкі аймақтарына бардық. Онда шын мәнінде тарихи орындар жетерлік. Әзербайжанда да сондай. Ал Қазақстан әзірге туризм жағынан кейін қалып тұр. Мұны айтуымыз керек. Сондықтан бұл сапар саяхатшыларға керемет болғалы тұр.