"Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компанияға Нұр-Сұлтан соты айыппұл салды

1253

Нұр-Сұлтан қалалық соты кеме иесі (қазақстандық) мен оны жалға алушы (ресейлік) компанияның атауын көрсетпеген. 

"Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компанияға Нұр-Сұлтан соты айыппұл салды

Белгілісі қазақстандық компаниядан "Жібек жолы", "Атамекен" деген екі теңіз кемесін жалға алып отыр және олардың ақысын уақытылы төлеп бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, кемелердің бірі былтыр қарашада, екіншісі биыл ақпанда берілген. Жалдау ақысы – бір кемеге тәулігіне (қосылған құн салығымен есептегенде) 3 800 доллар. Ай сайын алдын ала төлеп отыруға тиіс.

Ресей компаниясы "Жібек жолы" кемесін алғаны үшін, 4 шілдедегі жағдай бойынша, 66 232,19 доллар берешек. Оған шекті мерзімін кешіктіргені үшін 11 644,36 доллар сомасында айыппұл санкциялары есептелді. Жалпы сома 77 876,55 доллар немесе 36,2 млн теңге болды.

Ал "Атамекен" кемесін жалдау бойынша берешек қалдығы 532 000 долларға тең. Шекті мерзімін асырғаны үшін 14 365,87 доллар айыппұл салынды. Жалпы сомасы 546 365,87 доллар немесе 254 103 839 теңге болды.

"Осыған байланысты, сот шешімімен талап-арыз жалданушыдан жоғарыда аталған соманы иесінің пайдасына толық көлемде өндіріп алумен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлайды қалалық соттан.

Айта кету керек, Украина Ресейді осы "Жібек жолы" кемесімен ұрланған астықты тасымалдады деп айыптаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу