Қараша айында жолға шыққан "Жібек жолы" пойызы қаңтардың екісі тағы да жолға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл еліміздегі алғашқы туристік пойыз және туристерге тек Қазақстанның тарихи орындарын ғана емес, Өзбекстанның да көрнекті орындарымен танысуға мүмкіндік береді.
Алматыдан шығатын туристік пойыз "Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы" бағдарымен жүреді. Әрі осы қалалардағы тарихи нысандарды аралауға мүмкіндік береді.
"Туристер үшін өте ыңғайлы, себебі барлық маршрут ұйымдастырылған. Әсіресе егде жастағы адамдар мен балалар үшін қауіпсіз тур тамаша ұйымдастырылған. Бағасы қолжетімді, әрі пойызда тамақтануға, жуынуға, бес күн бойы жол жүруге барлық тұрмыстық жағдай қарастырылған", – дейді "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Бұл жолы Шымкент пен Самарқанд маршрутқа қосып отыр. Келесі рейс наурызға жоспарланған. "Жібек жолы" туристік пойызымен отбасылық саяхат жасауға мүмкіндігіңіз бар.