Жидебайда этноауыл мен қонақүй салынады

1229

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

Жидебайда этноауыл мен қонақүй салынады Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай-Шәкәрім кесенесі аумағында "Жидебай этноауылы" туристік кешені салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жидебай этноауылы 60 гектар аумақта орналасады, құрылыстың жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайды.

Кешен жыл бойына жұмыс істейтін киіз үйлер мен бунгало үлгісіндегі қонақүйлерден, SPA орталығынан және қоғамдық тамақтану орындарынан тұратыны көрсетілген.

Сондай-ақ ипподром, хайуанаттар бағы, мәжіліс залы, тимбилдинг алаңдары, электр көліктерін қуаттайтын станциялар, қымыз құю желісі де жоспарланған.

"Бұл мәселені облыс тұрғындары да, туристер де көптен бері көтеріп келеді. Бүкіл облыс атынан Құлжановтар отбасына халықтың арманының орындалуына үлес қосқаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, меценат Бектас Шыңғысұлы ауданы 1,2 мың шаршы метрден асатын қонақүй құрылысын бастайды, Қарауыл ауылында заманауи кофейня, мейрамхана кешенін қосады. Терраса, балалар ойын алаңы және бильярд залы жоба аяқталғаннан кейін тағы 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады", – деді облыс әкімі Берік Уәли.

Айта кетейік, Жидебайда хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойына қызу дайындық жүріп жатыр. Осыған байланысты Жидебай музей-қорығында интернет желісі іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу