Жидебайда музей салынады

1162

Президент Абай тойында байланысты Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді.

Жидебайда музей салынады

Абайдың 175 жылдық мерейтойында ақынның өмірімен байланысты тарихи орындар жаңғыртудан өтеді. Ал Жидебайда "Абай әлемі" атты музей салынбақ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде жарық көрген мақаласында айтылды.

"...Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек. Жидебайда музейге арнайы лайықталған "Абай мұрасы" атты жаңа ғимарат салу қажет", – делінген Мемлекет басшысының мақаласында.

Мақалада ақынның туған мекені Шығыс Қазақстан өңірінде мерейтой аясында бірнеше ауқымды жоба жүзеге асатыны айтылған.

"Абай тұлғасын жоғары дәрежеде дәріптеу үшін Үкімет мынадай шараларды қолға алуы керек деп есептеймін. Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің қорымы абаттандырылады. Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Ос­ған орай шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын", – делінген мақалада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу