Жігітпен алғашқы кездесуінде көз жұмған алматылық бойжеткеннің өліміне қатысты үкім шықты

569

Алматыда бойжеткінді арыққа итеріп жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жігітпен алғашқы кездесуінде көз жұмған алматылық бойжеткеннің өліміне қатысты үкім шықты Фото: Instagram/nemolchikz_official

Оқиға 2023 жылдың 16 қазанында болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен кафеде танысқан. Бастапқыда әңгіме-дүкен құрған екен, алайда кейін жанжал туындапты. 

"Кафеге келушілер ер адамның қызды далаға алып шыққанын көрсе де, ешкім араша түспеген. Қазір далада не болғанын ешкім білмейді. Бірақ 20 минут өткен соң қыздың өзі шақырған полицейлер келіп, оның мәйітін тапқан", – деп жазды журналист.

Кейін Айнагүлді жанжал кезінде ер адам арыққа итеріп жібергені анықталды. Бойжеткен бас сүйек жарақатынан көз жұмды. 

Уақыт өте іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Абайсызда кісі өлтіру" бабына өзгеріп, ер адам 2,5 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу