"Жігіттер қоршап алып, тиісе бастады": Алматыда даулы оқиғаға кінәлілер жазаланды

2368

Қазнеттегі шулы іс "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша сараланды.

"Жігіттер қоршап алып, тиісе бастады": Алматыда даулы оқиғаға кінәлілер жазаланды Фото: видеодан скрин

Қазанның басында 22 жастағы алматылық бойжеткен автобуста бір топ жігіттің тиіскенін мәлімдеп, сол сәттен түсірген видеосын желіге жариялаған болатын. Аталған жайтқа қатысты сот өтіп, кінәлілер жауапқа тартылды.

3 қазанда Кәусар Дағделен №118 автобуспен үйіне қайтып келе жатқан. Абай мен Әуезов көшелерінің қиылысында автобусқа бір топ жігіт мінеді. Олар қызды қоршап, қол жүгіртіп тиісе бастаған.

"Олар менің иығыма, беліме, жамбасыма, шашыма, сөмкеме, қолыма және мойнымды түрткілеп тиісті. Сосын олардың бірі артымнан келіп, тұтқаны ұстап тұрып алды. Бұдан ары шыдамадым, камерамды алып, түсіруге кірістім. Бірақ бұл да оларды қорқытпады, олар мазақ етіп күле берді. Автобустағы адамдар бәрін анық көрді", – деді қыз.

Қазнеттегі шулы іс "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша сараланды. Анықталғандай, жолаушылар іс жүзінде әдепсіз сөздер қолданып, жәбірленушіге құрметсіздік танытып, қорлайтын сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С. есімді азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) әкімшілік істі қарады. Сот отырысында С., іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, жасаған әрекетіне өкінді. Сот қаулысымен С., ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 48 300 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды", - делінген сот мәлімдемесінде.

Істің мән-жайын, сондай-ақ жәбірленуші Кәусар Дағделеннің айғақтарын және одан әрі арызын ескере отырып, әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот оны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тарту қажет деп санады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу