Жігіттер үйімді талқандап кетті – Мақпал Жүнісова

2850

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзінің тұратын төрт қабатты үйінің құрылыс жұмыстарын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жігіттер үйімді талқандап кетті – Мақпал Жүнісова Фото: Ашық дерек көздерінен

Өнер иесінің айтуынша, екі жыл сайын әктеп тұрғанымен, биыл төбеден су кетіп, құбырлары шіріп кеткен.

“Үйім күшті болып көрінетін өзіме, сөйтсем бәрі шіріп кетіпті. Беті ғана жылтырып тұр екен. Екінші қабаттағы дәретханадан су кетіп, төбеге жайылған. Алла сабыр берсін. Жігіттер бәрін талқандап тастапты. Зәкең салдырған ғой, астыңғы қабат сауна, кір жуатын бөлме, трубалар толған бір бөлме, спорт бөлмесі, төртінші қабатта менің студиям бар. Туысқан көп келетін болғандықтан, бұл үйде отырғаным дұрыс. Екі жылда бір рет әктеп алатын едім, осы жолы бәрін жаңалайын деп отырмын. Құрылыс біткенше ұйқы жоқ қой. Қыркүйектің ортасына қарай бітіреміз деп уәдесін берді. Сосын сыртын жасайды”, – деп айтты халық әртісі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу