"Бәрің шұбырып не бітіріп жүрсіңдер?": Бақыт Сәрсекбаев Париждегі боксшыларды сынады

4005

"Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр?".

"Бәрің шұбырып не бітіріп жүрсіңдер?": Бақыт Сәрсекбаев Париждегі боксшыларды сынады Фото: b.sarsekbayev

Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасында бокстан алғашқы айналымда жеңіліп жатқан спортшыларымыздың дайындығын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бақыт Сәрсекбаевтың айтуынша, жегіттердің физикасы өте нашар көрінеді. Тіпті шетелден миллиондап ақша төлеп әкелген бапкерлердің ісінен неге нәтиже шықпайтындығына таңғалды.

– Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, әрең жүр рингте. Ударлары аз. Комбинация ударов тіпті аз. 3 минутта қанша удар жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Целая научная группа қайда? Неге біздің боксерлар демі жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші бойдан өте алмады деген не сұмдық??? Бір сұрақ: әрбір боксер лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше бой өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 бой өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті, – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу